WorldSkills -халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады.
WorldSkills қозғалысы 1947 жылы Испанияда соғыстан кейінгі кезеңде елдің өнеркәсібін қалпына келтіру үшін қажетті жоғары білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігіне жауап ретінде құрылды.
1950 жылдан бастап WorldSkills қозғалысы халықаралық мәртебеге ие болды. Экономика үшін жұмысшылар мен инженерлік кадрларды танымал етудің маңыздылығын түсіне отырып, әлемнің жетекші елдері WorldSkills қозғалысына қосылды және бүгінгі күні WorldSkills International-да 87 қатысушы ел бар.
Шелек политехникалық колледжінің студенттері өңірлік чемпионаттарға қатыса отырып, WorldSkills Kazakhstan қозғалысының дамуына өз үлестерін қосуда. Олар чемпионаттарға келесі құзыреттер бойынша қатысады: » Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету», » Аспаздық іс», » Электрмонтаждау жұмыстары»,»Дәнекерлеу технологиялары».
Біздің студенттеріміздің Карапетьянц Оганес («Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету » құзыреті) және Теип Вахиттің («Электромонтаждау жұмыстары» құзыреті) өз құзыреттері бойынша 2021 жылғы WorldSkills Taldykorgan өңірлік чемпионатына қатысуы нәтижелі болып,олар 3-ші орынды иеленді.