Шелек политехникалық колледжіне

 Талапкерлерді қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

                                                 1.Жалпы ереже

  1. Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын «Шелек политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорнына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі- қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы          27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі-Заң), Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 қаулысымен бекітілген кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне негізделген және «Шелек  политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорнына оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
  2. «Шелек политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорнына оқуға негізгі орта білім (жалпы негізгі), жалпы орта ( орта жалпы) білімі, техникалық және кәсіптік білімі ( кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейін, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен қабылданады (білім туралы құжаттарды нострафикациялау ережелеріне сәйкес тану ).
  3. «Шелек политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорнына оқуға түсуі кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 28 наурызында қабылданған «Техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдаудағы квотаны белгілеу туралы» № 296 қаулысымен бекітілген Заңының 26 бабының 8 тармағымен анықталатын қабылдау квотасы төмендегі жағдайларда қарастырылады:

1) I, II  топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек –балалар арасынан шыққан азаматтар үшін- 0,5 пайыз;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін-0,5 пайыз;

3) ауылдың (селоның)  әлеуметтік- экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін -30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар үшін- 2 пайыз;

5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшін – 1 пайыз.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар оқуға әңгімелесу арқылы қабылданады.
  2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу.
  3. «Шелек политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорнында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады.  Қабылдау комиссиясының құрамына  комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
  4. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен 30 тамызға дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе колледждің сайты арқылы қабылдау комиссиясы таныстырады.
  5. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

1) Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен             20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

  1. Оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтінішімен бірге төмендегідей құжаттар қажет:
  2. Білім туралы куәлік
  3. Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (көшірмесі)
  4. ЖСН (ИИН) көшірмесі
  5. № 086/У, 025 Ю дәрігерлік анықтама
  6. 3х4 сурет (4 дана)
  7. Бала денсаулығы паспорты 063.У
  8. Үй кітабы (көшірмесі), мекен -жай анықтамасы
  9. Мінездеме
  10. ЕЖИ (ИДН) анықтама қағазы
  11. Көк 10 беттік файл папкасы
  12. Ата – ананың табысы туралы анықтама
  13. Баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама
  14. Ата – ананың жеке куәлігінің көшірмесі

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.  Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

  • шетелдік- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
  • азаматтығы жоқ тұлға-азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • босқын- босқынның куәлігі;
  • пана іздеуші тұлға- пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • оралман- оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

  1. «Шелек политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны жұмысшы мамандарды даярлайтындықтан, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін, оқуға түсу емтихандары алты нұсқада дайындалған тест сұрақтарын қолданып әңгімелесу түрінде жүргізіледі:

1) негізгі орта білімі бар талапкерлер үшін – 2 пән бойынша ( қазақ тілі немесе орыс тілі (диктант)  және мамандық бойынша профильдік пәнінен).

2) жалпы орта білімі бар талапкерлер үшін- 3 пән бойынша жүргізіледі (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша берілген пәннен емтихан өткізеді)

3) техникалық және кәсіптік, орта, жоғары білімі бар, мамандық бағытына сәйкес келмейтін білімі бар тұлғалар, мамандықтың бейіні бойынша берілген пәннен емтихан өткізіледі.

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

  1. Түсу емтихандары талапкердің өтініші негізінде қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.
  2. Тест сұрақтарын қолданып әңгімелесу, емтиханы бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар оқуға қабылданбайды.
  3. Түсу емтихандары 20 мен 25 тамыз аралығында өткізіледі.
  4. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
  • тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмалары алты нұсқада дайындалады (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді;
  • әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады;
  • тестілеуге екі пән бойынша 1сағат 30 минут беріледі;
  • Дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді;
  • Тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
  • Пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша:
  • «3»- 8 балл;
  • «4»- 17 балл;
  • «5»- 25 баллдарға ауыстырады.
  1. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді. Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады. Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады. Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы  шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.
  2. Тест сұрақтарымен әңгімелесу емтиханын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

  1. Білім алушылар құрамына қабылдау.
  2. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурс пәндер бойынша жүргізілген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
  3. Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен  25 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.
  4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізгенде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттар болған жағдайда): жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер, медициналық- әлеуметтік сараптама тұжырымына сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы  құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтар басым құқыққа ие болады.
  5. Білім алушылардың құрамына қабылдау 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
  6. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.