2022 жылғы 13-17 маусым аралығында 5 күндік оқу-дала жиыны өтті. 1- курс білімгерлерімен білім стандартына сәйкес жыл бойы алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен дәріс алды. Практикалық бөлімнің 36 сағаты оқу-дала жиыны түрінде өткізілді. 1- курста 91 ер бала дала жиынына қатысып, 7 бала денсаулығына байланысты босатылды. Оқу-дала жиынының барысында взвод командирі ретінде Ермек Дәулетбек тағайындалса, 1 бөлімше командирі- Нурамбек Ислам, 2 бөлімше командирі- Нурахунов Валидин болды.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Усаев Арман Искаковичтың басшылығымен 14 сағат тактикалық дайындық, 8 сағат атыс дайындығы, 6 сағат жалпы-әскери жарлығы, 6 сағат саптық дайындық және 2 сағат әскери топография дайындықтар өткізілді.
Оқу-дала жиынының барысында оқушылардың бойында батылдылық, табандылық, патриоттық сезімдер оянып, ел тыныштығын сақтайтын ер азаматтарымыз тәрбиеленді.