«Жас маман» жобасын іске асырудағы тәжірибенің мүмкіндіктерін ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында Алматы облысы білім басқармасы мен Шелек политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 15 маусымында «Жас маман жобасы – құзыретті маман даярлау кепілі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гульсара Тастандықызы, Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Исаханова Шынар Қабиқызы, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Бакибаева Меруерт Талгатовна, кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша филлиалының басшысы Дуйсебекова Бахытгуль, Шелек ауылдық округ әкімінің орынбасары Абдакимов Қуат Бекешұлы, Еңбекшіқазақ аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серғали Нұрболат Серғалиұлы, колледждің ата-аналар комитеті Карапетьянц Виктор Викторович, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары мен колледжіміздің әлеуметтік серіктестері «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-нің кураторы Мукан Данияр, «Фитосанитар» өсімдік қорғау мекемесінің басшысы Джамаров Бағашар Акимбекович қатысты.
Пленарлық отырысты білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гульсара Тастандықызы кәсіптік білімге енгізіліп отырған өзгерістер мен оның болашағы жайлы баяндады. Келесі сөз кезегінде колледж директоры Дүйсебаев Қуат Құрманғалиұлы «Жас маман жобасы: тәжірибе және жарқын болашақ» тақырыбында «Жас маман» жобасына енген «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысын және алдағы міндеттер жайлы таныстырып, аталмыш мамандыққа байланысты «Құзіреттілік орталығы» ашылғандығын қуана атап өтті.
Бұдан әрі семинарға арнайы шақырылған әлеуметтік серіктестер «Фитосанитар» өсімдік қорғау мекемесінің инженері Джамаров Бағашар Акимбекович «Әлеуметтік серіктестік – теория мен тәжірибені ұштастыру негізі» тақырыбында өз ойларын айтып: дуальды оқыту жүйесі барысында студент, өз мамандығын жетік меңгеретіндігін, практикалық білімін ертерек жетілдіріп, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйреніп өз ортасында беделі жоғары болып және жауапкершілікке тәрбиеленетіндігін айта кетті. Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Бакибаева Меруерт Талгатовна «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен колледждің ынтымақтастық жұмысы» тақырыптарында әріптестіктің аясын кеңейту мақсатында жүргізілген жұмыстар мен алдағы міндеттер жайлы өз пікірлерін білдірді. Пленарлық отырысты Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Исаханова Шынар Қабиқызы қорытындылап ары қарай семинар тәжірибелік алаң жұмыстарымен жалғасып 5 өндірістік оқыту шебері, 4 әлеуметтік серіктес, 8 білім алушы заманауи құрылғыларда автомобильге көрсетілетін қызмет түрлерінен шебер кластар көрсетті. Ал қатысушылар үшін жоба бойынша орнатылған жабдықтарда өз беттерімен жұмыс істеу мүмкіндігі беріліп, жеке тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Оларға «WorldSkills» стандартына сәйкес тапсырмалар автосканерлер көмегімен автокөлік қозғалтқышының ақауларын табу бойынша ұсынылды.
Семинардың қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытында ұсынытар қабылданып, келген қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.